БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

Мекен жайы: ЖШС  «Дулат би»  бөбекжайы Ленгер  қаласы, Ә.Бектайұлы көшесі-51   

Салынған жылы-2017ж

Бөбекжайдың техникалық жағдайы:

Ғимарат -3 қабатты,құрылыс ауданы – 2376, жалпы көлемі -516,5, ғимараттың  бөлмелер саны- 24

ЖШС «Дулат би» балабақшасы 2018жылы Түркістан облысы,  Төлеби ауданы, Ленгер қаласында ашылды. Мекеме ашылған сәттен бастап негізгі мақсат – мектепке дейінгі жастағы балаларға сапалы білім мен тәрбие беру, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру болды.

Қазіргі таңда балабақшада  9 топ жұмыс істейді, онда 220 бала тәрбиеленуде.

Балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне сай дамытушы орталар жасалған, күнделікті оқу-қызметтері мемлекеттік білім беру стандартына сай жүргізіледі. Тәрбиешілер ұжымы тәжірибелі, жоғары білімді мамандардан құралған, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында жыл сайын семинарлар, курстар, әдістемелік отырыстар ұйымдастырылады.

Балабақша оқу жылдардан бастан инновациялық ,технологиялар, ұлттық тәрбие, денсаулық сақтау технологиялары т.б. бағытында жұмыс жүргізіп, аудандық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

Бөбекжай ауласы көгалдандырылған, Таза ауада балалардың ойнап өсуі үшін ойын алаңдары, бастырмалар, серуенге арналған алаңдар, жаз мезгілінде  балаларға шомылуға арналған ашық  бассейн жұмыс жасайды.

Ғимаратта әдістемелік бөлме,  музыка залы, медициналық арнайы бөлме, көкөніс қоймасы, азық-түлік бөлмесі, кір жуу бөлмесі орналасқан.

       Бөбекжайда бүлдіршіндердің дамып өсуіне толық жағдай ұйымдастырылған әр топта ойын, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жүргізетін бөлме, жатын бөлмесі мен тазалық гигиеналық  орындары  бар. Бөбекжай  сенбі, жексенбі күндерінен басқа 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақытысы таңғы 08 сағ.00 мин. кешкі 18 сағ.30 мин. 

 Бөбекжайда   14 педагог, 13 техникалық қызметкерлер жұмыс атқарады. Ұжым өте ұйымшыл,қызметкерлері жаңашылдыққа ұмтылады.

Бөбекжай мектепке дейінгі білім беру орындарында балаларды патриоттық сезімге, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға, мәдениетке, тәрбиелейтін, басқа балабақшалардың тәрбиешілерінің тәжірибе алмасатын білім беру мекемесі болып табылады.  

     Оқу жылында оқу-тәрбие жұмысы  қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуге  арналған бағдарламалар

 «Әдістемелік  нұсхау  хат» бойынша жүзеге асырылады.

Тізім бойынша 220 бала санын құрайды. Жас ерекшеліктеріне қарай  9 топ  жұмыс жасайды.

  1. Мектепалды даярлық  «Балбөбек»  орыс тобы
  2. Мектепалды даярлық  «Бәйшешек»  тобы
  3. Ересек «Балауса» тобы
  4. Ересек «Ботақан» тобы
  5. Ересек «Балапан» орыс тобы
  6. Ортаңғы «Жасұлан» тобы
  7. Ортаңғы «Құлыншақ» тобы
  8. Ортаңғы «Бәйтерек»  орыс  тобы
  9. Кіші «Қыран» тобы

Білімі, санаты

Жоғары білімі бар педагогтар саны – 14 адам

Аяқталмаған жоғары білімі барлары – жоқ,

Орта арнаулы білімді –

Олардың санаттары төмендегідей:

Басшы – ұйымдастырушы —

Педагог – зерттеуші  – 1

Педагог – сарапшы  – 1

Педагог – модератор – 0

Педагог — 12

Санаты жоқтар саны – 0

Педагогтар – 14

Әдіскер — 1

Музыка жетекшісі – 1,5